ЭКСПО-2017 көрмесіне 82 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым қатысатындығын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017 көрмесіне 82 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым қатысатындығын растады

28.04.2016
ЭКСПО-2017 көрмесіне 82 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым қатысатындығын растады

«Қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 көрмесіне 82 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым қатысатындығын растады.  2015 жылғы тамыздан бастап нысандардың функционалын жоғалтпай құрылысты арзандату боынша  жұмыстар жүргізілді. Шығындарды оңтайландыру 131,6 млрд. теңгені құрады. Отандық тауар өндірушілермен тауарлар мен қызметтерді жеткізуге    33,7 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар таратылған ақпаратта өткен жылдың тамызынан бастап «Астана ЭКСПО-2017»  ұлттық компаниясының топ-менеджерлері екі есе қысқартылып, құрылымы оңтайландырылғаны атап өтілген.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымында басталып,  10 қыркүйегінде аяқталады. Халықаралық шараға жүз мемлекет қатысады деп күтілуде. Ал көрмені тамашалайтын туристердің саны бес миллионға жететіндігі болжанған. Туристердің басым бөлігі ТМД елдерінен, Қытайдан, Еуропадан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан және Түркиядан келуі мүмкін. Көрменің негізгі тақырыбы - «Болашақ энергиясы».

«ЭКСПО-2017»  көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гектарды құрайды. Онда Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда ойын-сауық нысандары орналастырылады.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу