Атақты түрік әншісі Бурай бүгін қазақ тілінде ән шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атақты түрік әншісі Бурай бүгін қазақ тілінде ән шырқады

10.08.2017

Танымал тарихи телехикаяның актерлерінен бөлек, Түркиядан қазақ жеріне 30-ға жуық өнерпаз келді. Олардың арасында Еуропа мен Азияда аты шыға бастаған әнші Бурай да бар. Көрерменге түріктің  «Құлпынай иісі» телехикаясының саундтрегімен танымал өнерпаз дәл қазір «ЭКСПО» қалашығында концерт беріп жатыр. Бурай сахнада бірнеше әнді қазақ тілінде орындады. «Атажұрт жерінде қазақ тілінде ән орындау - мен үшін үлкен бақыт»,- дейді түркиялық өнерпаз. Концерт алдында Бураймен тілші Бақытжан Омар сұхбаттасты.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу