Омар әзірбайжан тілінде ән шырқап жарыс күнінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омар әзірбайжан тілінде ән шырқап жарыс күнінің жеңімпазы атанды

21.10.2017

«Silk Way Star» жобасының үшінші жарыс күнінде сахнаға соңғы болып шыққан келесі үміткер әзірбайжан тілінде ән салды. Ол Қырғыз әншісі Омар.

 «Жауапкершілік өте үлкен. Біріншіден, Қырғызстан атынан өнер көрсетіп тұрмын. Екіншіден, мені әзірбайжандар түсінеді. Бұл әнді шын жүректен Efendi мен Әзірбайжан еліне арнаймын», - деді қырғыз елінің жарқын жұлдызы.  

Қырғыз елінің шоқ жұлдызы үшінші жарыс күні әзірбайжан тіліндегі «Adima Layiq» әнін шырқады. 

Қазылар алқасының мүшесі Эльдар Гасимов (Әзірбайжан):

- Омардың 9 тілдегі кез келген әнді бүгінгідей әдемі, жүрекпен орындайтынына күмәнім жоқ. Өз тіліңде ән тыңдау сондай жағымды. Кәдімгідей жылынып қалдым. Сен сондай ыждаһаттылықпен орындадың. Сол үшін рахмет.

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу