«Silk Way Star» сахнасында башқұрт әншісі түрік әнімен көңілге жаз сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» сахнасында башқұрт әншісі түрік әнімен көңілге жаз сыйлады

28.10.2017

Аузын ашса, жүрегі көрінетін, ақ көңіл Ян Лира бүгінгі жарыс күніне түрік әнін таңдапты.

Ол бұл әннің көмегімен көңілге бір сәт жаз сыйлауға тырысты. Башқұрт әншісінің айтуынша, ән мәтінін жаттауда ол қайта-қайта қолмен жазып, транскрипция бойынша жаттаған екен.

Ян Лира орындаған ән қазақ тілінде «Жаз күні» деп аталады.

«Бүгін мен түрік тілінде ән орындаймын...Мен Түрік елінің алдында жауапкершілікті сезініп тұрмын. Жақсы айтып шығамын деп ойлаймын», - дейді Ян.

Қазылар алқасының мүшесі Озден Бора (Түркия):

-Әнді жақсы орындап шықтың. Биің де жарасымды болды. Тек әннің мәтінінде 1-2 қате кетті. Бірақ, ол аса маңызды емес. Түрік әнін жақсы орындап шыққаның үшін рахмет.  

Еске салайық, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу