30 мың орындық «Астана-Арена» алаңында Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты шығармашылық концерті өтті
Елордадағы 30 мың орындық «Астана-Арена» алаңында әнші Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты шығармашылық концерті өтті. Әлемді мойындатқан қазақ баласының жанкүйерлері бұл жолы да белсенділік танытты. Залда ине шаншар жер болған жоқ. 5 бөлiмнен тұратын концертте Димаш 5 түрлi образда өнер көрсетті. Алдымен, сахнада 100 домбырашымен қосылып күй ойнады, қазақ, ағылшын, қытай және француз тілдерінде ән шырқады. Арасында Майра Мұхамедқызымен, ресейлiк әншi Кристина Орбакайтемен дуэт айтты.
Бұлардан бөлек, Димаштың концертіне Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, «Евровидение» байқауының жеңімпазы Лорин және Ұлыбритания әншісі Софи Эллис Бекстор да арнайы келді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда өткен шығармашылық кездесуде қазақ прозасының дамуы талқыланды
21.04.2026, 13:40
Жапония қару экспорттауға шектеу күшін жойды
21.04.2026, 13:32
Жаркентте көпқабатты үйлерді жөндей бастады
21.04.2026, 13:22
Қос міндетті қатар атқарған маман
21.04.2026, 13:20
Тегеран талабы қандай?
21.04.2026, 13:18
«Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмін көріңіз
21.04.2026, 13:15
Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 13:13
Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады
21.04.2026, 13:10