Алматы облысының «ЭКСПО» қонақтарына тартуы мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының «ЭКСПО» қонақтарына тартуы мол

05.07.2017

Бұл туралы бүгін өңір әкімінің орынбасары Жақсылық Омар хабарлады. Айтуынша, көрмеге дайындық тыңғылықты. Ең әуелі яғни, 8-9-шілдеде «Қазақстан» спорт кешенінің жанында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерге аймақтан миллиард теңгенің 4 мың тоннаға жуық өнімдері әкелінбек. Жеміс-жидек, көкеніс, ет-сүттің бәрі бар.  Ал, 11-15-шілде аралығында облыстың мәдениет күндері басталады. Әртүрлі алаңдарда 50-ге жуық өнерпаз елордалық тұрғындар мен шетелдік қонақтарға өңірдің тарихы мен мәдениетін, қолөнері мен ұлттық спорт түрлерін паш етеді. Әсіресе, қолөнер шеберлерінің туындылары көптің таңдайын қақтырмақ.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу