«ЭКСПО-2017» көрмесінде Чжецзян аймағының күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесінде Чжецзян аймағының күндері басталды

23.06.2017

Қытайдың табиғаты көркем Чжецзян аймағының күндері бүгін ресми түрде басталды. Шара Қытай елінің павильонында өтеді. Ресми шараға екі ел үкіметінің мүшелері, дипломаттар қатысты. Алдымен табиғаты сұлу өңір туралы бейнебаян таныстырылды. Кейінірек делегация мүшелері чжецзяндықтардың табиғи энергия көздерін іске жаратудағы жетістіктерін баяндап берді. Күн, су, желден қуат ала отырып, жергілікті билік экологияны сақтап отыр. 10 жыл ішінде осы өңір Қытайдың жауһарына айналған. Шара соңында Астана мен Чжецзян басшылары өзара байланысты дамытуға уағдаласты.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу