«ЭКСПО» көрмесінде «Хунань» аймағының күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінде «Хунань» аймағының күндері басталды

18.07.2017

Бүгін «ЭКСПО» қалашықта Қытайдың Хунань провициясының күндері басталды. Ресми шараға екі елдің билік өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. Хунань өзінің тауларымен әлемге әйгілі. Әрі бұл аймақта күллі әлемге танымал күріштің ең қымбат сұрпы өседі.

Айта кету керек, Қытай көсемі Мао Цзедун осы жерде дүниеге келген. Қытай делегациясы «ЭКСПО» көрмесін пайдалана отырып, қазақстандық әріптестерімен тұрақты байланыс орнатуға мүдделі. Осыған орай, екіжақты келісімдер бекіп, серіктестік орнады. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу