100 оқушы «ЭКСПО» көрмесіне арнайы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100 оқушы «ЭКСПО» көрмесіне арнайы келді

20.06.2017

«Болашақтың энергиясын» өз көздерімен көру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 100 оқушы Астанаға арнайы келді. Олар үш күн аралығында «ЭКСПО» көрмесін аралап және елорданың әсем де, ірі нысандарының табалдырығын аттайды. Балаларға мұндай мүмкіндікті Назарбаев Зияткерлік мектебі демеушілерімен бірге ұсынып отыр. Қайырымдылыққа негізделген шара балалардың заманауи технологияларды көріп, түрлі жетістіктерді шама-шарықтарынша бағамдап, сол арқылы ілімге, ізденіске талпындыруға бағытталған.

 Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу