Олар - Кения, Алжир, Оңтүстік Африка елдері. Олар әлемдік шараға бар мүмкіндігінше дайындалған. Жалпы, Африка дамушы елдердің қатарына жататындықтан олардың энергетика саласында ауыз толтырып айтатын жаңашылдықтары, өз өнертабыстары жоқ. Сондықтан, дамыған елдердің Күннен, желден энергия алатын құрылғыларын пайдаланады. «Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан көрмеге басқа елдерден тәжірибе алуға келдік», дейді олар. Павильонда тамашалайтын дүниелер жеткілікті. Келушілер кірген бойда Африканың ұлттық киімін электронды түрде киіп суретке түсе алады. Бұл әсіресе балаларды қызықтырып жатыр. Одан әрі сол елдің энергетика саласының дамуын проекция арқылы көруге болады. Келесі залда Африкада өмір сүретін ерекше жан-жауарлардың макеті қойылған.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ