Exit poll нәтижесі
Кешегі Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берудің Exit poll нәтижесін жариялады.
Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысы бойынша, «Әділет» партиясы - 71,8 пайызбен көш басында тұр. Одан кейін «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы - 6,4 пайыз, Respublica партиясы - 5,4 пайыз, Қазақстан халық партиясы - 3 пайыз, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы - 5,1, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,2 және «Байтақ» жасылдар партиясы - 1 пайыз. Ал «Бәріне қарсымын» бағаны - 2,1 пайыз.
OSI қоғамдық саясат институты да жүргізген экзитполдың нәтижесін жариялады. Мұнда да партиялардың реті бірдей және жинаған пайыздарында айырмашылық айтарлықтай жоқ. Бұдан бөлек, «Социс-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Құрылтай сайлауында жүргізген Exit poll нәтижесін ұсынды. Сауалнама қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың дауысы бойынша мұнда «Әділет» партиясы - 70,7 пайыз жиғанаған, «Ауыл» - 6,4, «Respublica» - 5,5, «Ақ жол» - 5,4, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - тура 5, Қазақстан Халық партиясы 3,2 және «Байтақ» - 1,2 пайыз жинаған. Ал «Барлығына қарсымын» нұсқасын таңдағандар үлесі - 2,6 пайыз болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы