Көрмеге 1500 ерікті атсалысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көрмеге 1500 ерікті атсалысады

05.06.2017

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге 1,5 мың ерікті атсалысады. Олардың барлығы ағылшын, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, еріктілердің бәрі арнайы курстардан өтті. Тиісінше, туристердің Қазақстан мен Астананың тарихы және көрме туралы кез-келген сауалдарына жауап беруге дайын. Ал, жұмыс өнімді болу үшін әкімдік оларды екі мезгіл ыстық тамақ пен жатын орындарымен қамтамасыз етпек. Еріктілер Еуразия Ұлттық университетінің Студенттер үйіне орналастырылады. Ең белсенді деп танылған 20 студентке білім гранты тағайындалады.   

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу