ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге 3000-ға тарта ерікті атсалысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге 3000-ға тарта ерікті атсалысады

13.11.2014
ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге 3000-ға тарта ерікті атсалысады

Қазақстанның әрбір облысынан, сондай-ақ, Ресей, Қырғыз Республикасы  және Тәжікстаннан келген жастар екі күн бойы  өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасады.

Форум барысында 2017 жылы Астанада өтетін EXPO халықаралық көрмесі мен Алматыдағы Қысқы Универсиадаға еріктілерді дайындау мәселесі кеңінен талқыланды.

Алдын ала есеп бойынша, ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге 3000-ға тарта ерікті атсалысады, деп күтілуде.

Форум соңында Қазақстанда еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жалпыұлттық жоспардың жобасы жасалды.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу