Елімізде қазақ мемлекетінің карталар галереясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қазақ мемлекетінің карталар галереясы ашылды

11.04.2023

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде XV-XVIIII ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылды. Көрмеге Еуропаның ұлттық мұрағаты мен картографиялық орталықтарында табылған 1500-дей көне картаның 100-ден астам көшірмесі қойылған. Қазақ тарихынан сыр шертетін бұл галерея алдағы уақытта Мәскеу мен Еуропада да көрсетіледі.

Мұхит-ардагер Сыдықназаров, заманауи зерттеулер институтының директоры:

Бұл табылған карталар 17 жылдың нәтижесі. Бұл - біздің мемлекетіміздің төлқұжаты. Өйткені барлық мәліметтер сол жерде көрсетілген. Осы жылдың соңында екінші басылым шығады. Ол жерге осы 1500 карта енеді деген жоспар бар.


Хабарламаларға жазылу