EXPO-2017 көрмесіне Солтүстік Қазақстан облысынан 100 ерікті қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне Солтүстік Қазақстан облысынан 100 ерікті қатысады

14.04.2017

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне Теріскейден 100 ерікті қатысады. Жалпы, EXPO-ға келетін қонақтарға 4500 ерікті қызмет көрсетпек.

Жастар 14 бағыт бойынша жұмыс істейді және әрбірінің өз міндеттері, олардың қызметтеріне жауап беретін супервайзерлері болмақ. Еріктілерге қойылатын арнайы талаптар да бар. Ең алдымен олар үш тілді білулері қажет. Солтүстік Қазақстан облысының студенттері көрмеге шілде мен тамыз аралығында барады.

 

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу