Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне өз еркімен қызмет етуге келген еріктілерді таныстыру рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне өз еркімен қызмет етуге келген еріктілерді таныстыру рәсімі өтті

14.07.2017

Салтанатты жиында олар еріктілер кодексін оқып, азаматтық  ант қабылдады. Шілде айында да еліміздің әр өңірінен 1500 белсенді жас жиналды. Ресми таныстырудан соң, еріктілер еліміздің эстрада жұлдыздарымен бірге өз өнерлерін көрсетті. Көрмеге көмектесуге ниет білдірген ең жас ерікті – Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 15 жастағы оқушысы болса, жасы ең үлкен ерікті – 70 жастағы зейнеткер екен.

Ұйымдастырушылар олардың барлығына сыйлықтар үлестіріп, айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандары үшін алғыстарын білдірді. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ      

Хабарламаларға жазылу