ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылатын дю Солей Циркіне билет алып үлгеріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылатын дю Солей Циркіне билет алып үлгеріңіз

19.05.2017
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылатын дю Солей Циркіне билет алып үлгеріңіз

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылатын дю Солей Циркінің қойылымына билеттер 2017 жылдың 10 мамырынан бастап сатылымға түсті.  

Штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан дю Солей Циркі қазіргі таңда ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың біріне айналған. Цирк ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000 жуық адам еңбек етеді, оның 1300-і - әртіс. Әлемге әйгілі дю Солей Циркі осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсетіп үлгерді. Енді олар ЭКСПО-2017 аясында алғаш рет Астанаға жол тартпақ. 

Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихынан және «Болашақ энергиясы» атты Көрме тақырыбынан шабыттанған цирк әртістері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын дайындады.

Таңғажайып қойылымда қазақ халқының мәдени мұрасы мен  болашаққа деген заманауи көзқарас өзара өріліп жатады. Жалпы, Цирк тарапынан 2017 жылдың  10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін 71 қойылым жоспарланып отыр. Цирк қонақтары бірегей шоуды арнайы жабдықталған үшбұрыш тәріздес павильонда тамашалай алады. Оның сыйымдылығы 2000 көрерменге жоспарланған. Қойылым тұсаукесері Көрме алаңында 16 маусымда өтпек.

Заманауи Қазақстанның тарихындағы алып шараның бір бөлшегі болып, дю Солей Циркінің таңдай қақтырарлық қойылымының куәгері болу үшін 4000 теңгеден басталатын билетті сатып алу қажет.  

expo2017astana.com

Хабарламаларға жазылу