Шымкентте «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

18.04.2015
Шымкентте «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Әуезов оқулары» конференциясы аясында бас қосқан ғалымдар еліміздің индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадамдарды талқылады.

Конференция секцияларының жұмыстары түрлі тақырыпта өрбіді. Әсіресе, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі форматындағы жаңартылған энергетиканың келешек бағыттарын жетілдірудің, құрылыстың, химиялық технологиялардың, мұнайхимияның билогоия мен нанотехнологиялардың инновациялық бағыттарына басымдық берілген.

Конференцияға ұзын саны 770-тен астам мақала түскен. Оны талқылауға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Ресей, Польша, Қытай, Малайзия, Түркия, Корея және тағы басқа елдерден келген ғалымдар қатысты.

Хабарламаларға жазылу