Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтті

29.12.2014
Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстанның Индустрияландыру күнін атап өту аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Қазақстанның «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту үшін коалициясымен бірлесе отырып, «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған Халықаралық конференция өтті.

Сондай-ақ, шарада «Қазақстанның жасыл кәсіпорындары: ЭКСПО-2017 көрмесін қолдауға үлес қосу» көрмесі ұйымдастырылып, оған өз өндірісіне инновациялық технологияларды ендіріп жатқан 20-ға жуық кәсіпорын мен новаторлар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - «жасыл» инновацияларды енгізетін отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету және ЭКСПО-2017 тақырыбын ілгерілету.

Конференцияға ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері, «жасыл экономика» бойынша халықаралық және отандық сарапшылар, өндіріске «жасыл» технологияларды енгізіп жатқан отандық кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. 

2015 жылы еліміздің жетекші қоғамдық ұйымдарының бастамасы бойынша өндіріске «жасыл» технологияларды енгізіп жатқан шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында ұйымдастырылатын байқау  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-дан қолдау тапты.

Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар жасыл технологияларға өтуге және оны Қазақстанның басқа кәсіпорындары арасында таратуға шақырған үндеуді қабылдады.

Хабарламаларға жазылу