ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын мектеп оқушыларының жобалары таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын мектеп оқушыларының жобалары таныстырылды

12.05.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын мектеп оқушыларының жобалары таныстырылды.  Мұнда мектепшілік және аймақаралық сайыстарда үздік деп танылған  ғылыми  жұмыстар көрсетілді. Олар құрылымы, жасалуы жағынан сан алуан. Балалар баламалы энергия қуатын өндірудің түрлі жолдарын ойлап тапқан.  Сондай-ақ, арасында робототехниканы тұрмыста қолдану секілді жобалар да бар. Жалпы, халықаралық көрмені  өңірден 3,5 мың оқушы барып тамашаламақ. Олар оқу үлгерімі өте жақсы, белсенді балалардың ішінен іріктеліп алынды. Бұл тізімде тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың перзенттері де бар.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу