Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен EXPO-2015» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен EXPO-2015» көрмесі өтті

25.05.2015
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен EXPO-2015» көрмесі өтті

Мәртебелі меймандар көрмеге қойылған инновациялық жобаларды тамашалап, әуесқой өнертапқыштардың креативті идеяларын тыңдап қайтты.

Жалпы, Шығыс өңірінің еліміз бойынша «жасыл» экономика саласындағы көшбасшы өңірге айналу мүмкіндігі мол.

Пленарлық отырысқа қатысушылар осындай ой-пікірлерін айтып, алдағы уақытта осы бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар барысын талқылады.

Осыдан 3 ай бұрын облыста «Болашақтың қуаты» атты байқау ұйымдастырылған.

Осымен екінші рет ұйымдастырылған «Өскемен EXPO» көрмесіне аталған байқауда жеңімпаз болғандардың жобалары қойылды. Олардың арасында мектеп оқушыларының жұмыстары да бар.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу