«EXPO-2017» көрмесіне павлодарлық оқушылар германиялық ғалымдармен бірігіп жасаған жобаларды ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO-2017» көрмесіне павлодарлық оқушылар германиялық ғалымдармен бірігіп жасаған жобаларды ұсынады

24.11.2014
«EXPO-2017» көрмесіне павлодарлық оқушылар германиялық ғалымдармен бірігіп жасаған жобаларды ұсынады

Облыс орталығындағы №36-шы экологиялық бағыттағы орта мектеп ғимарат төбелеріне күннен қуат беріп, сол арқылы жылу ұстап тұрудың тың тәсілін дайындауда.

Оған Германиядағы Гете институтының энергетик мамандары жетекшілік етуде.

Мектеп ұжымы германиялық ғалымдарымен былтырдан бері жұмыс істеуде. Осы уақытта бірнеше экологиялық жобалар жұртшылыққа жария етілді.

Солардың ішіндегі ерекшесі күннен қуат алатын төбеге салуға арналған тұтас жамылғы. Ол ғимаратқа жарық пен қоса жылу береді. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу