EXPO-2017 көрмесіне қатысуға германиялық кәсіпкер ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне қатысуға германиялық кәсіпкер ниетті

24.04.2014
EXPO-2017 көрмесіне қатысуға германиялық кәсіпкер ниетті
EXPO-2017 көрмесі - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына сеп болатын маңызды шара. Осындай пікір білдірген неміс кәсіпкері көрмеге қатысуға ниетті.
 
Дитер Рёдёр Халықаралық көрмеге дейін Астананы адам танымастай етіп өзгертуге өз үлесін қосқысы келеді. EXPO қалашығында қонақүй, баспана тұрғызсам деген жоспары бар.
 
Құрылыс, сақтандыру, менеджмент салаларында табысты еңбек етіп келе жатқан бизнесмен енді қаржысын Қазақстан экономикасына құюға дайын.  
 
Дитер Рёдёр, кәсіпкер:
Мен Қазақстанның Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында болдым. Қазақ халқының қонақжайлылығына, мәдениетіне, 130-дан астам ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқанына тәнті болдым. Яғни, Қазақстандағы тұрақтылық, инвестициялық ахуалдың қолайлылығы бизнес өкілдері үшін өте маңызды. Мен де осыған қызығып, енді EXPO-2017 көрмесіне дейінгі жобаларға және халықаралық көрмеге де белсене қатысқым келеді.
 
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу