Туризм саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

03.10.2014
Туризм саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Астанада Қазақстан туризм қауымдастығы (ҚТҚ) және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚТА президенті Роза Асанбаева және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның туризм департамент директоры Аниса Бердина қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты - алда келе жатқан мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде туризмді дамыту саласында екіжақты ынтымақтастыққа көмектесу және нығайтуға арналған қолайлы жағдайларды құру.

Қол қойылған мәміленің маңызды шарттарының бірі - ЭКСПО-2017 қонақтарының Қазақстандағы күндерін жайлы жағдайда өткізуін ұйымдастыру үшін өзара әрекеттестікті орнату, деп хабарлайды expo2017astana.com.

«Алда келе жатқан ЭКСПО-2017 секілді халықаралық ауқымдағы оқиға отандық туризмнің ұсынатын барлық қызмет салаларын дамыту үшін жақсы жағдай тудырмақ. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде барынша тиімді нәтижені алу үшін ортақ әрекеттер саясаты қажет екенін түсіну қажет», - деп атап өтті өз сөзінде ҚТҚ президенті Роза Асанбаева.

Хабарламаларға жазылу