Сыр елі EXPO-2017 көрмесіне дайындалуда (видео) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр елі EXPO-2017 көрмесіне дайындалуда (видео)

17.01.2014
Сыр елі EXPO-2017 көрмесіне дайындалуда (видео)
Байқоңыр - құнды жәдігерлерге бай қала. Сондықтан жұлдызды қалашық мұражай-қала деген атаққа лайық. Көп ұзамай шаһарға осы мәртебе берілетін де болады. Эко және этно туризмді өрістету жағы да қарастырылып жатыр.
 
Байқоңыр қаласында ғарыштық планетарий, балама қуат көздерін беретін алаң, ұшырылымдарды басқаратын шағын орталық салынады. Бұл нысандар «Байқоңыр ғарыштық Жібек жолы» атты арнайы экономикалық аймақ құру негізінде жүзеге асырылмақ. 2017 жылы өтетін EXPO көрмесіне бес миллионнан астам мейман келетін болса, соның екі миллионға жуығы Сыр еліне саяхаттамақ.
 
Құрманкүл Датқабекова, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары :
Байқоңыр қаласында екі әуежай бар. Қалаға жақын орналасқан «Крайный» әуежайын дамытуға байланысты жұмыстар атқарылып жатыр. EXPO жақындаған кезде Астана-Қызылорда-Байқоңыр бағыты бойынша әуе жолдарын қарастырып, екі ел арасында келісімшартқа қол қою ойымызда бар.

Хабарламаларға жазылу