Американың ірі компаниясы біздің елде тамшылатып суарудың соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарын өндіретін алып зауыт салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Американың ірі компаниясы біздің елде тамшылатып суарудың соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарын өндіретін алып зауыт салады

14.07.2019

Қазақстанның байтақ жерінің аграрлық әлеуеті күшті. Сондықтан ата кәсіпті жандандырып, қара жердің қадірін білетін шаруа қожалықтарына мемлекеттің назары айрықша ауып тұр. Оның үстіне, көрші елдердің алып нарығына жол ашылып, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзекектілігі өрістеп, жаһанда жан санының көз ілеспес шапшаңдықпен артып келе жатқанын қосыңыз. Осы тұрғыдан келгенде, біздің әлеуетіміз зор, мүмкіндігіміз мол. Мәселен, жеріміздің 29 пайызы далалық, 44 пайызы шөлді аймақ. Десе де, қазіргі ғылым-технологияның қарыштап дамып, қара тасты да қажетке жаратуға болатын заманда оның тілін табу, тіпті оңай. Сондықтан осы шөлді аумақты шаруаға қолайландырып, егістік алқаптардан мол өнім алу үшін мемлекет жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Тіпті, алдыңғы қатарлы агроелдер қолданатын ақылды технологияларды да әкеліп жатыр. Соның бірі – тамшылатып суару тәсілі. Осы аптада Премьер-Министр Асқар Мамин бастаған қазақстандық топ пен АҚШ-тың инвесторлары ірі келісімге қол қойды. Американың алпауыт компаниясы Қазақстанға суармалы жерлерді тиімді игеруге мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарды шығаратын үлкен зауыт салатын болды. Құны 50 млн АҚШ доллары болатын зауыт құрылысы елдің Солтүстік өңірінде бой көтереді.

 

Хабарламаларға жазылу