Астанада Қазақстан-Польша іскерлік форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан-Польша іскерлік форумы өтті

21.11.2014
Астанада Қазақстан-Польша іскерлік форумы өтті

Астанада Қазақстан-Польша іскерлік форумы өтті. «Казнекстинвест» Польшаның 60 алпауыт кәсіпкері Елордаға келіп, қазақтың мен деген мықты бизнесмендерімен, ірі зауыт иелерімен танысты.

Жиында Экономика министрлігі Қазақстанның бизнес климатын таныстырды. Қандай да бір инвестор біздің елде кәсіпорын ашпақ болса, салық жағынан жеңілдік болады.

Зауытқа қажетті аппарат, техникаларынан шекарадан алып өткенде баж салығы алынбайды. Мұнан бөлек6 инвестор өндіріс ошағын бірлесіп ашпақ болса, оған серіктес іздеу, мемлекеттік орган өкілдерімен жолықтыру сынды шаруалар тегін атқарылады.

Польшалық бизнесмендер де өз жоспарларымен бөлісті. Олар біздің елде, агроөндіріс кешендерін ашпақшы. Энергетика, машинақұрастыру саласы және EXPO көрмесіне құрал-жабдық жеткізуші, құрылыс салушы ретінде қатысқысы келетіндерін айтты.

Хабарламаларға жазылу