Әскери теңіз күштері жаңа кемелермен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери теңіз күштері жаңа кемелермен толықты

18.11.2018

Қазір жарау атқа мініп алып, жалаң қылышпен жауға шабатын шақ емес. Бүгінгі уақыт сарбаздан алдымен бес қарудың бүтіндігін сұрайды. Өйткені, әскери әлеуеті мықты ел ешкімнің алдында еңкеймейді, тізерлемейді. Бізде жыл сайын қазына қаржысынан әскери әлеуетімізді арттыру үшін қомақты қаржы бөлінеді. Бұл жағынан ұятты емеспіз. Дерек бойынша, әскери бюджет жағынан АҚШ көш басында тұрса, Қазақстан 171 елдің ішінде 58-ші орында. Бүгін біз қазақтың теңіз сақшыларына тоқталғымыз келеді. Әскери теңіз күштері Президент Жарлығымен 1993 жылдың 2 сәуірінде құрылған еді. Содан бері қазақ теңізшілері еліміздің Каспий теңізіндегі шекарасын, экономикалық мүдделерін қызғыштай қорғап келеді. Солардың арқасында шекара тыныш, қорғаныс шебі мығым.

Әу баста бірнеше шағын катері ғана болған әскери теңізшілер қазір отандық өндірістерден шыққан жаңа үлгідегі зымыран-артиллериялық кемелермен, қосымша техникалармен, қару-жарақтармен қамтылған. Қазақ азат болғалы Оралдағы Зенит зауытынан дәл осындай әскери 26 кеме шығарыппыз. Сонымен, аласапыран толқындармен алысып, айлап, жылдап жүретін теңіз сақшылары деген кімдер? Сайдың тасындай іріктелген сарбаздардың міндеттері қандай?

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу