Иранның 5 кемесі британдық мұнай танкерінің жолын бөгеді
Иран «Ормұз бұғазында британиялық мұнай танкерін басып алмақ болды» деген айыпты жоққа шығарып отыр. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери-теңіз күштері соңғы 24 сағатта ешқандай шетелдік кемелермен байланыс орнатпаған.
Айта кетсек, бұған дейін болжам бойынша, Иранға тиесілі бес катер Ұлыбританияның қара алтын тасымалдағышының жолын бөгеп, оны тоқтатпақ болған. Дегенмен танкерді күзететін фрегат қару кезеніп, оны өткізуді бұйырды. Сондықтан катерлер бұйрықты орындауға мәжбүр болған.
Ал бір апта бұрын Гибралтар бұғазында Британия теңізшілері Иранға мұнай апара жатқан кемені тұтқындаған еді. Сол кезде Тегеран Лондонның бұл әрекетін жауапсыз қалдырмайтынын айтты.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12