Әскери-теңіз күштері зымыран-артиллериялық кемелері жаттығу өткізіп жатыр

Каспий теңізінің қазақстандық секторында еліміздің әскери кемелері жаттығу өткізіп жатыр. Аталған жаттығулар арналуы тапсырмаларды орындауға әрбір корабльді дайындау бағдарламасының құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы барлық экипаждар базада корабльдің тұрақтауы кезіндегі жауынгерлік және күнделікті ұйымдастырылу элементтерін сәтті пысықтады. Қазіргі уақытта «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы К-2 курстық тапсырманың элементтерін пысықтауда. Бұл дегеніміз – корабльдің жүзуі және жеке дара корабльмен жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу.

Бүгінде «Қазақстан» кораблі жоспарға сәйкес 3 шақырымға дейінгі қашықтыққа артиллериялық оқ атуларды өткізуге дайын. Шартты қарсылас ретінде бұл мақсаттарға арналған сүйретілетін нысана қалқаны алынған. Сонымен қатар алдағы күндер ішінде ауа райы жағдайына қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің өзге де корабльдері К-2 тапсырмасын орындай отырып, әуе және су үсті нысанасын көздеп зениттік зымырандардан оқ атады.
Қазіргі таңда Каспий теңізінің қазақстандық секторында жауынгерлік кезекшілік атқарып жүрген «Сарыарқа» кораблі де жаттығу жасап жүр.

Зымыран-артиллериялық корабльде курстық тапсырмалардың қазіргі кездегі пысықталуы мен тапсырылуы сапасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов тексерді.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XXV қысқы Олимпиада ойындарының кестесі
09.02.2026, 10:24
Қысқы олимпиада: Ұлттық құраманың ойындары
09.02.2026, 10:22
Бүгін қазақ поэзиясының қара нары Мұқағали Мақатаевтың туған күні
09.02.2026, 10:21
Димаштың тележобасы Қытайда 102 млн қаралым жинады
09.02.2026, 10:20
Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады
09.02.2026, 10:19
Жаңа Конституцияның жобасы қоғам талқысында
09.02.2026, 10:18
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтеді
09.02.2026, 10:18
Жапонияда парламенттік сайлауда биліктегі либералдық-демократиялық партия басымдықпен жеңіске жетті
09.02.2026, 10:16