Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен «Хазри-2023» оқу-жаттығуы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен «Хазри-2023» оқу-жаттығуы өтеді

03.10.2023

Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның әскери-теңіз жаттығуы өтеді. «Хазри-2023» бірлескен оқу-жаттығу жоспарына әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру кіреді. Әскерилер алдын ала әзірленген сценарий бойынша дайындықтарын пысықтайды. Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған. 

Оңғар Алпысбай 

Хабарламаларға жазылу