Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты

08.04.2016
Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты
Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты

Бүгін еліміздің Әскери-әуе күштерінің авиапаркі UH-1H-II «Хьюи» тікұшағымен толықты. АҚШ- та жасалған бұл техника Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жоспарына сәйкес біздің елге әкелінді.

Бұл ақысыз негіздегі әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеткізілген үшінші тікұшақ. Тікұшақтан басқа қосалқы бөлшектер, агрегаттар, бұл техникаға қажетті өзге де керек-жарақтар әкелінді.

Қазақстанның Қарулы Күштері жаңа тікұшақпен толықты
«Хьюи» тікұшақтары әртүрлі оқу-жаттығуларда, оның ішінде қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальоны мен Қазақстан Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының іс-қимылдары пысықталатын «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуларда кеңінен қолданылады.

Бұдан бұрын 2006-2007 жылдары қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы аталмыш тікұшақта теориялық және практикалық қайта даярлықтың толық курсынанөткен болатын.

«Бұл тікұшақтар қарапайым және күрделі метеожағдайларда, күндіз-түні, жыл бойы пайдаланылады. Пайдалану кезеңінде қандай да бір істен шығу болған емес, техника сенімді», - деп атап өтті Әскери әуе күштері қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев.

UH-1H-II тікұшағы 12 адамға дейін десантты және әртүрлі жүктерді тасымалдау, іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау, әуеден барлау, жаралыларды алып ұшуға арналған техника. Тікұшақты Bell компаниясы жасайды.

Тікұшаққа 1 800 аттың күші бар, Т-53-L-703 бір қозғалтқышпен орналастырылған, сондай-ақ навигациялық және радиоэлектрондық қондырғының кешенімен жабдықталған. 1960 жылдардан бері шығарылып келе жатқан бұл тікұшақтарды «Ирокез» деп те атаған. Вьетнам соғысында және өзге де түрлі қақтығыстарда пайдаланылды. Қазір бұл тікұшақтарды әлемнің 70 тен астам елінің қарулы күштері мен полициясы қолданып жүр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу