Елбасы Ресей және Өзбекстан президенттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ресей және Өзбекстан президенттерімен кездесті

21.10.2018

Елбасы кеше Түркістан облысында Ресей Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Мемлекет басшылары бұл жолы «галстуксыз» бас қосты. Бейресми кездесуде елдер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақ мәселелерін талқылады. Президенттер Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу