Елбасы Ресей президенті Путинмен кездесті

11.03.2020

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық 19,7 пайызға артып, 20 млрд долларға жетті. Бұл - өткен жылғы көрсеткіш. Биылғы меже одан да жоғары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге сапары барысында Владимир Путинмен кездесті. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестік мәселелерін талқылады. Тұңғыш Президент Ресей Қазақстанның барлық қызмет салаларында сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды. Ал Ресей басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің интеграциялық процестерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әлемдік көмірсутегі нарығындағы ахуал туралы пікір алмасты.

Хабарламаларға жазылу