Қазақ сахарасында орыс ойран салмаса да, оқу-жаттығу өткізетін полигондар әлі бар. Соның бірі – Азғыр. Былтыр жалдағы біраз жерін қазаққа қайтарып берген. Өзі атына заты сай аймақ. Әбден тоз-тозы шығып, тулақайы қалса да, қазақ сол жерді жаз жайлап, қыс қыстап әлі отыр.
Сынақ алаңындағы сұрапыл талай жылдар өтсе де, өзектегі жараны жаза алмай келеді. Қазіргі біз айтып жүрген өркениет те өте ада қалған өңірде. Аймақтағы ауылдарда тұратын ағайындар су емес у ішіп отыр. Ауру да, азап та осы жақта.
Суды айтамыз-ау, жол дегеніңіз атымен жоқ бұл жақта. Жетем десең, желкең үзілсе де, жеткізбейді. Жан бағу үшін жарты күнің былай тұрсын, әйтеуір жаяу жалпы, шықпа жаным шықпаның шыдамымен жүрген жұрт.
Атырауға қатынау алыс. Орысқа бару зор іс. Ал басың ауырып, балтырың сыздаса біттім дей бер. Қысқасы, Құдайың құрақ ұшпаса, құрыдым дегенің дұрыс. Ары қарай Азғырдың азып-тозған тірлігі туралы Индира Бегайдар айтсын.
Индира БЕГАЙДАР