Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы еңбегіне ел кенелген азаматтарды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы еңбегіне ел кенелген азаматтарды марапаттады

17.12.2017

Ұлы мейрам – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар легі биыл да жылдағы дәстүрмен Ақордадан бастау алды. Тап осы елеулі күн қарсаңында еңбегі еленген, еңбегіне ел кенелген азаматтар мақтау-марапатқа ие болады. Мемлекет басшысы олардың бірқатарын Ақордаға арнайы шақырып, «Отан», «Барыс», «Айбын», «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» сынды ордендерді кеуделеріне тақты. Әр салада оза шауып, мемлекеттік марапат алған сайыпқырандар кімдер, кімдердің бағы жанып, мерейі өсті?

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу