Қалмұханбет Қасымов орган қызметкерлері мен ардагерлерді арнайы төсбелгілермен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалмұханбет Қасымов орган қызметкерлері мен ардагерлерді арнайы төсбелгілермен марапаттады

15.12.2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов орган қызметкерлері мен ардагерлерді арнайы төсбелгілермен марапаттады. Тәуелсіздік алған жылдары Ішкі істер министрі болған Қайырбек Сүлейменов пен Болат Ысқақовқа Президент Жарлығы бойынша «Құрмет» және «Парасат» ордендері табысталды. Жалпы, 25 жылда мыңнан астам әскери қызметкер мемлекеттік наградаға ие болса, олардың 108-іне бұл марапат қайтыс болғаннан кейін берілген.

Нұркен Қоржынбаев, ІІМ Арнайы дайындық департаментінің басқарма төрағасы:

- Елбасы қаулысымен және ІІМ қаулысымен бірқатар қызметкерлер бүгін мемлекеттік наградалармен марапатталды және ІІМ наградаларымен марапатталды. Өзім де бүгін осы кәсіби қызметтік нәтижелер бойынша жетістіктер бойынша осы мемлекеттік наградалармен марапатталып отырмын.

Хабарламаларға жазылу