Солтүстік өңірлерде егін орағы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік өңірлерде егін орағы аяқталды

22.10.2017

Науқан кезінде жауын-шашын өткен жылмен салыстырғанда аса көп бола қойған жоқ. Соның арқасында диқандар жиын-терімді уақытында аяқтап үлгерді. Астықтың шығымы әр жерде әрқалай болды. Айталық, Солтүстік Қазақстан облысында гектарынан 18,2 центнер жинаса, Қостанай облысында гектарына 12,5 центнерден келді. Жаман көрсеткіш емес, әрине.

Әйтсе де, өнімнің тең жартысынан астамының сапасы төмен болып отыр. Ал, сапасы төмен тауардың қашан да бағасы арзан. Арзанға өткен астық әупірімдеп шығынды өтегенімен, алты ай жаз еңбектенген шаруаның шекесін шылқытып, пайдаға батыра қоймайды. Астықты аймақтардағы қазіргі ахуал жайлы Дәуренбек Әбдібек баяндайды.   

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу