Қостанай облысында егін орағы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында егін орағы аяқталды

18.10.2018

Қостанай облысында астық толық орылып бітті. Өңір диқандары 4 млн. 60 мың гектар алқаптан 5 млн. 200 мың тонна өнім жинады. Оның 1 млн. 200 мың тоннасы - бидай. Шығымдылық көлемі әр гектарына орташа есеппен 12,8 центнерден келіп отыр. Жиналған өнім ысырапсыз, уақытылы сақтау қоймаларына тасымалданды. 1,5 млн. тоннасы алыс-жақын шетелдерге экспортталды. Сонымен қатар, 640 мың тонна ұн көршілес мемлекеттерге саудаланған. Мамандар жалпы алғанда биылғы егіс науқаны шаруалар үшін тиімді аяқталды деп отыр. 

Нұрсұлтан Қабделов, Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Биылғы жылы қар астында қалған, тағы басқа қиындықтар туындап жиналмай қалған алқаптар болған жоқ. Енді 100 мың гектар майлы дақылдар қалды. Қазір осы майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу