Қостанай облысында егін орағы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында егін орағы аяқталды

27.09.2021
Қостанай облысында егін орағы аяқталды. Өнімділік гектарына 7,2 центнерден келіп отыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен біршама төмен. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы қостанайлық диқандар 4 миллион тоннадан астам астық жинаған еді. Биыл қамбаға құйылғаны 3 миллион тонна шамасында. Өнімнің төмендеуіне құрғақшылық себеп болды. Дегенмен шаруалар шаш-етектен пайдаға кенелмесек те табыссыз қалмаймыз деп отыр. Себебі астық аз шыққанымен сапасы жоғары, сондықтан бағасы да жақсы.


Дмитрий Евстафьев, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары:

Астық сапасы биыл 3-ші сұрыптан төмен түскен жоқ. Қамырлылық 26 және одан жоғары. Дәннің салмағы бір литрге шаққанда 800 граммға жуық. Бір сөзбен айтқанда өткен жылдарға қарағанда бидай өте сапалы. Мұндай өнімнің нарықтағы құны да жоғары.


Хабарламаларға жазылу