11 миллион гектар астық орылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 миллион гектар астық орылды

29.09.2014
11 миллион гектар астық орылды

Еліміздің сегіз облысында егін орағы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта шаруалар 11,1 миллион гектар алқаптың егінін орып, 12,9 миллион тонна астық бастырып отыр. Бұл туралы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында егін орағы аяқталған. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары науқанды аяқтауға жақын.

Ал негізгі астықты облыстар саналатын Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында егін орағы әлі жалғасуда. 

Хабарламаларға жазылу