Ертең – халықаралық театр  күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең – халықаралық театр  күні

26.03.2017

Ертең – халықаралық театр  күні. Тәуелсіздік жылдары елімізде 19 жаңа театр ашылды. Қазіргі кезде  50-ден  астам мемлекеттік және 10-ға жуық жекеменшік театр жұмыс істеп тұр.

Мемлекеттен қолдау болмаса, жеке шығып, шекесі шылқыған театр жоқ бізде. Ал бюджеттен  қаржы алатындар бөлінген ақшаның  жетпейтінін айтып жылайды. Өнер адамдарына да айтылар сын көп. «Тойға кетті», «шоуға кетті», «киелі сахнаға кім көрінген шығып кетті», дейміз. Айналып келгенде барлығы  әртістің әлеуметтік  жағдайына тіреледі.

Біз  өз айтқанына өзі күлетін, еркегі жаппай әйел болып, арзан күлкіге бойы үйренген әзіл сықақшы-сымақтарды айтып тұрған жоқпыз. Әңгіме театр деген текті өнер туралы.  Кейіпкерімен бірге күліп, бірге жылап жүрген нағыз өнер адамдары жайында болмақ.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу