Бүгін – Халықаралық театр күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Халықаралық театр күні

27.03.2015
Бүгін – Халықаралық театр күні

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов және  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Горький атындағы академиялық  орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

27 наурыз Халықаралық театр күніне орай таңғы бағдарламада қонаққа келген Болат Ұзақов: «Біз бұл күнді жыл бойы күтеміз. Өйткені, театр әлемінде қызмет етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі. Біздің театрдың дәстүрі болып кеткен шарасы бар. Ол театр үздіктерін анықтаймыз»,-дейді.

«Соңғы жылдары дәстүрге айналған шара бар. Астананың Мәденимет басқармасы қаладағы  бірнеше театрдың басын қосып, мереке ұйымдастырып береді. Онда да үздіктер анықталып, марапаттар ұсынылады»,-дейді М.Горький атындағы драма театрдың жетекшісі Еркін Қасенов.

Театр әлеміндегі тың жаңалықтармен бөліскен режиссерлер қазақстандық театр ұжымдарының да ауыз толтырып айтатын жетістіктері бар екенін айтады.

«Жалпы, Қазақстандағы театр саласының өсу-өрбуіне кеңінен тоқталу керек. Театр, өнер туралы Заңдарға өзгеріс енгізсе, деп ойлаймын. Театрдың құрылымы қайта қаралып, актерлердің жұмыс істеу мерзімдері, жұмыс кестесі, жалақысы қайта қаралса деген ой бар. Ең бастысы, зейнетке шыққан актерлер алаңсыз өмір сүретіндей болуы керек»,-дейді Болат Ұзақов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу