Бүгін мәдениеттің қарашаңырағы - театр күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін мәдениеттің қарашаңырағы - театр күні

27.03.2017
Бүгін мәдениеттің қарашаңырағы - театр күні

Бүгін - Халықаралық театр күні. Бұл - театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні.

Осыдан 51 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен Конгрессте 27-наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде аталып өтеді.

Халықаралық Театр институтының басты мақсаты - әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту. Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын.

Деректерге сүйенсек, алғашқы театрлық ойын Мысырда қойылды, оның сюжетіне мысыр аңызының образдары - Осирис құдайының хикаялары енді.

Театр атауы көне грек тілінің «theatron» сөзінен шыққан. Ең танымал жанрлары  - комедия мен трагедия. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.

Барша театрсүйер қауымды, театрдың жанына айналған - театр әртістерін төл мерекелірімен құттықтаймыз! Ұлтымыздың саф өнерін жандандыру жолында ешқашан шаршамаңыздар!
 

Хабарламаларға жазылу