Кәсіпкерлер арасында өз өнімдеріндегі отандық үлесті дәлелдей алмай жатқандар көп
Соңғы уақытта отандық үлес деген сөзді жиі айтамыз. Кез келген тауар өндіруші өніміне өзімізде жасалған дүниені пайдалану керек. Көйлек тіксе инесі де, түймесі де елімізден шыққаны абзал. Бұл кәсіпкерліктің тұтас бір саласының жұмысын ілгерілетер еді. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерді тексеріп жатыр. Себебі, соңғы уақытта кәсіпкерлер арасында өз өнімдеріндегі отандық үлесті дәлелдей алмай жатқандар көп. Ал, кейбіреулері өзім өндірем деп, жалған құжат жасап, өніміне «Қазақстандық тауар» деп құр қағаз жапсырған. Мұндай «Көлеңкелі кәсіпорындар» да әшкереленді.
Ал, тендер дегеніңіз кәсіпкер үшін жіліктің майлы басы. Бірақ, сол тендер әділ өте ме? Қолында сертификаты бар, өндіріс жұмыс істеп тұрған мекемелердің біразы тендерден қағылып келеді. Өйткені, тендер уақыты белгілі болғанда аты-жөні осыған дейін белгісіз болып келген бір емес, бірнеше компания пайда болады. Сосын, адал жұмыс істеп отырған мекеменің нанын қағып кетеді.
Астанадағы құбыр зауыты қиындыққа қарамастан қарқынды жұмыс істеп тұр. Зауыт ашылған 10 жылдан бері жүздеген шақырымдық құбыр шығарған. Қазақстанда жасалған деген және басқа да талаптарға сай құжаты түгел, оның ішінде жоғарыда айтылған «CT-KZ» сертификаты да бар.
Әсет Нұрқымбаев, «Қазақстандық құбыр зауыты» ЖШС директорының орынбасары:
Бұл сертификат бізге тендерге және мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді. «Атамекен» палатасының бастаған ісін қолдаймыз. Өйткені, елімізде құбыр шығаратын 50-ге жуық зауыт бар. Оның ішінде заңды жұмыс істеп, мемлекетке салық төлеп отырғандары жартысы ғана. Қалғандары шағын цехтар. Тіпті, кейбірі «Қазақстанда жасалған» деген жалған құжат жасап, тауарды Ресейден, Қытайдан тасып жүр.
Ел қазынасына салық төлемейтін, азаматтарға жұмыс бермейтін, алып-сатарлықпен ғана айналысатындар өз кәсіпкерлеріміздің қадамын аштырмайды. Өйткені, өнімін өзі өндірмеген соң арзанға сатады. Ал, тендер дегеніңіз тауарын арзан ұсынғанға береді.

Мұндай компаниялар қазақстандық өндірушілерге бөгет жасап отыр. Бұл тек біздің емес, барлық саланың басындағы проблема. Шынын айту керек, қазақстандық компаниялардың көбі тендерге тәуелді. Ал, тендерді еш дайындығы жоқ, кеше ғана құрылған компаниялар алып жатса, отандық тауар өндіруші ешқашан дамымайды.
Тауардағы отандық үлесті анықтайтын «CT-KZ» сертификаты бар кәсіпорындар қайта тексеріле бастады. Тексеруге кәсіпкерлердің өздері мүдделі. Өйткені, нарықта шын бәсеке жоқ. Тендер - бармағын басқанның, көзін қысқанның қолына кетіп жатыр. Оған «CT-KZ» сертификаты бола тұра, өндірісі де, зауыт тұрмақ шағын цехы жоқтар да қатысып, ұтып жатыр.
Динара Жайлаубаева, ҚР ИДМ Техникалық реттеу комитетінің директоры:
Шетелден алып келген өнімді сыртынан маркировкасын жабыстырып, «Қазақстанда жасалған» деп сертификатты алған мәселелер де бар. Түскен шағымның 14-і расталды. Бұлар бір конкурсқа қатысқанда жаңағы басқа біреу алып кетеді де, басқа біреу ұтып алады. Сол кезде қалғандары, шын мәнінде өндірістері бар орындар шағым жазады ғой. Бұл неге алып кеткен, бұл қалай конкурстан өткен деп?! Бұлар өз-өздерін біледі ғой, бір-бірлерін.
Насостар 329 компания. Шұжық және ет өнімдерін өндіретін - 316 компания «CT-KZ» сертификатын алған. Өткен, жылдың көрсеткіші – осындай. Сертификатты алған кәсіпорын отандық үлестің бар екенін құжатпен емес, тауарымен дәлелдеу керек.

Қазақстанның отандық үлесі бар дейміз ғой, тауардың ішіндегі пайызын анықтайтын. Сол үлесін 50 немесе 70 пайыз деп көрсеткен, оның ішінде қазақстандық үлесі шын мәнінде 20 пайыз болып шығады. Немесе 30 пайыз. Шығыс Қазақстан облысының департаменті тексеру жүргізген кезде кабельдік өнімге сертификатты алу кезінде жасалған келісімшарттар берген.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тексерісті бастағаннан бері біраз мекемеден маза қашты. Кей компаниялар талапқа сай келмейтінін айтып, сертификат алудан өз еріктерімен бас тартыпты. Өйткені, тауардағы отандық үлестің пайызы төмен.
Эльмира Ақшалова: «Атамекен» ҰКП сарапшысы:
Осы уақытқа дейін 145 кәсіпорынды тексеруге алдық, оның 60-ның жұмысы толық тексеруден өтті. Кейбіріне қылмыстық іс қозғалды. Өйткені, заң талаптарын орындамаған. Біздің аудит қызметкерлері кәсіпорынды бастан-аяқ тексереді. Орналасқан жерінен бастап, шығаратын тауарының құрамына дейін.
Сертификатын ақтай алмаған кәсіпорын тендерге қатыса алмайды. Ондай компаниялардың тізімі де жарияланды. Атап айтқанда, астаналық «Макссервисинг», «Спецэлектро», шығысқазақстандық «Жаңа технологиялар», оңтүстіктен «Созақ Кронос», «Газпроммаш.кз», Қостанайдан «Сапалы бояу» сияқты серіктестіктердегі сертификат күшін жойды. «Қазақстанда жасалған» деп құжат жүзінде ғана жұмыс істейтін кәсіпорындар көп. Дені тасымалмен күн көреді.

Сертификат алған кәсіпкер құжаттарын түгендеп тендерге қатысуға талап білдіреді. Тексеріс барысында бұл мекеменің жұмыс істейтін орны да, құрылғылары да болмай шықты. Шын мәнінде Ресейден, жақын шетелден тасып әкеле салмақ болған.
Қазір отандық өнімге барлық жерде басымдық беріліп жатыр. Жарнамасы да жақсы, мемлекеттен берілер көмек және бар. Бірақ, ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп үйреніп қалғандар әлі күнге дейін алыстан арбалағанды абырой санап жүр.
Айнұр ОМАР

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14
Ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
24.04.2026, 20:13