Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары ЗияЗин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті. Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, цифрлық салалар, агро-өнеркәсіптік кешен, туризм және тағы басқа салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды. Қазақстан мен Оманның бірлескен портфелінде құны 3 млрд долларды құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларында 1,1 млрд доллар болатын 2 жоба іске қосылды. Қазір кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы