Басты Жаңалықтар RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды

RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды

Өңірлік экологиялық саммит аясында ұйымдастырылған көрме де өз мәресіне жетті. Онда ұсынылған жобалар да бірінен бірі өтеді. Пластиктен жолға төселетін геотекстиль, судан алынатын сутегі энергиясы, ескі батареядан жаңа шикізат, құрғақшылыққа қарсы гидрогель, тіпті өңірлердің жасыл әлеуеті цифрланған жүйе де бар. Ал ең басты нәтиже - 2,3 миллиард долларлық келісімшарттар жасалды. Самал Қабышева толығырақ.
Пластик құты. Одан шыққан өнім. Дәл осы пластик құтыларды қоқыстан жинап-теріп алған. Дәл осылай ұсақ-ұсақ болып кесіледі. Ал дайын өнім түрі міне осындай. Геотекстиль деп аталады. Тек жол құрылысына пайдаланылады. Атқаратын қызметі, мысалы, қиыршық тас, құмды төсегенде дәл осы геотекстиль оның тұрақты ұстап тұруын қамтамасыз етеді. 90 жылға дейін жарамды. Қазақстанда шығарылады, экологиялық таза өнім.
Дінмұхамбет Байымбетов, RES 2026 EXPO көрмесіне қатысушы:

Біздің сутектен энергия алу бойынша стендіміз. Энергия көзін суды тазарту арқылы сутектен алып отырмыз. 1 кг сутегі мөлшермен 33-39кВт сағатқа дейін электр энергиясын береді.
Рустамжан Юнусбаев, RES 2026 EXPO көрмесіне қатысушы:
Дәл осындай батареяларды, самокат, электрокарлардың, техникалық заттардың ескі батаерияларын қайта өңдейміз. 1,5 жыл болды. Алматыда осы бағытта жұмыс істеп, шикізат аламыз. Мәселен, мына қара ұнтақтың құрамында өте сурек кездесетін литий-никель-марганец-кобальт бар. Осы құрам арқылы жаңа батарея жасауға болады.
Әбдуғани Әзімов, М. Әуезов атындағы зерттеу университетінің зертхана меңгерушісі:
Гидрогель деп аталады. Бұл өзіне суды тартып алады, сақтап тұрады. Құрғақшылық кезінде, жаз кезінде құрғақшылық басталған кезде сол өсімдік, сол өсімдіктің тамыры ылғал іздей бастайды. Сол кезде осы гидрогельдің қасындағы топырақта ылғал болып тұрады және сол жерден ылғал тартып отырады. Содан өсімдіктер сақталады. Қазір оңтүстіктегі шаруашылықтарға зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Ғайни Серік, RES 2026 EXPO көрмесіне қатысушы:
Бұрын-соңды болмаған жоба, әр өңірдің жасыл энергетика, су ресурстары көзін барлығын цифрландырдық. Әр өңірдің сутегі потенциалын көруге мүмкіндік береді. Көрмеде осындай бірінен-бірі өткен мықты жобалар келушілер назарына ұсынылды. Ал ең басты нәтиже — құны 2,3 миллиард доллар болатын келісімшарттар жасалды. Бұл — идеядан іске, жобадан нақты инвестицияға өтудің айқын көрінісі.
Сәкен Қалқаманов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:
2,3 млрд долларлық келісімшарттар бар. Ол үлкен қорлардан, донорлардан келген ақша. 30 елдің компаниялары мен экология министрліктері осы жерде кездесіп, күрделі мәселелерді шешуге дайын отыр.
Өңірлік экологиялық саммит аясында ұйымдастырылған көрме де өз мәресіне жетті. Табиғат пен технологияның үндескен әлемін 20 мыңнан астам адам тамашалады. Көрмені көріп қана қойған жоқ, бастысы ой түйіндеді. Табиғаттың да, қоқыстың да мол табыс көзі екенін түсінді. Жасыл экология бұл таңдау емес, бұл – уақыт талабы.


Бөлісу