Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы жауапты мекеме басшылары есеп берді.
Әлемде геосаяси ахуал оңбай тұр. Украина дағдарысы, Ресей мен батыс, Ресей мен АҚШ арасындағы ерегес, Сириядағы билік пен бұқара, әсіредіншілдер мен әлем, мигранттар тасқыны жиылып келіп, көп жұрттың экономиуасына кері әсер етті.
Қытайдың өз экономикасын қайта жаңғыртуға ұмтылу факторы тағы бар. Сөйтіп, әлемдік тепе-теңдік я болмаса жаһандық тәртіп өзгерді. Қазір адамзат мүлде жаңа сипаттағы заманға өтер өткелге кіргендей күйде.
Бұған дейін арқасүйеріміз болған мұнай нарығы біржола тұралап қалды. Үмітсіз емеспіз, ОПЕК мұнайды әлем былтырдан молырақ тұтынатын болды, деп қуантып қояды. Дегенмен, күдік басым.
Өйткені, үлкен елдер арасындағы ерегес, біріне-бірі жаулықпен қарау, сенімсіздік, дипломатияға емес, қаруға сүйену әдеті белең алып кетті. Бұл біз секілді әзірге аздау, азаттық алғанына да көп уақыт өте қоймаған жұрттардың экономикасына қатты әсер етті.
Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, экономиканың кейбір салаларын нақты қолдау үшін бірнеше шешім қабылдады.
Ол тұрғын үй құрылысына қатысты, ол Бірыңғай зейнетақы қорындағы қаржыға қатысты, ол инфроқұрылымдық жұмыстарға, шағын және орта бизнес, сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту шараларына қатысты.
Егер адамның жұмысы болса, жұмыссыз жүргені екі қолға бір күрек тапса онда ел жағдайының жаман болмағаны. Қазір Үкімет алдында тұрған басты міндет осы – халықты жұмыспен қамту.
Бұл жерде «қалайда осыны істейсің, орындайсың», деген жалаң талап жоқ. Ақордада өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы бәрін жоспарлап, қажетті қаржы көзін икемдеп берді.
Осы арқылы 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалыпты деңгейден түсірмеу, керісінше өсіру мүмкіндігі бар. Енді ол қалай жүзеге асады. Осындай дағдарыстардың салқынын әріден ойлаған Елбасы 2014 жылғы Жолдауында «Нұрлы жол» бағдарламасын жариялаған еді. Ондағы басты міндет - Астанадан барлық аймаққа қарай жол салу.
Сол кезде мұнай бағасы барреліне 70-80 доллар шамасына енді түскен кезі. Мұнайға қатысы бар елдердің үміті үзіле қоймаған шақ. Сол кезде Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы үшін әр жылға 3 миллиард доллардан қаражат бөлінді.
Яғни, ақшаның құнын жоғалтпау үшін оны үнемі айналымға салып жұмыс істеткізу қаржы негізіндегі басты қағида. Өткен жылы осы бағдарлама аясында аймақ аралық жол құрылыстары басталды.
Биыл да жалғасады. Ал келер жылға бөлінген сол 3 миллиард доллардың бір миллиарды яғни, теңгеге шаққанда, шамамен 360 миллиарды тұрғын-үй құрылысын жүргізуге жұмсалатын болды.
Осы арқылы жаңа құрылыс жұмыстары басталады. Нәтижесінде, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ақшасын жинап үй кезегінде тұрғандар, жалға алып кейін меншігіне өткізетіндердің кезегі тезірек жылжиды.
Әрі қарай сол 360 миллиард теңгенің 97 миллиарды «Самұрық-Қазына» қоры арқылы жеке құрылыс компанияларына беріледі. Қазір бұл салада тоқырау бар. Көптеген құрылыс компаниялардың жұмысы тоқтағалы тұр. Енді оларға баратын 97 миллиард теңге тірліктерін қайта түзеуге мүмкіндік береді.
Тағы 61 миллиард теңге бар. Ол жаңадан тұрғын үй салынған аудандардың инфрақұрылымын жүргізіп беруге жұмсалады. Яғни, бұл қаржы облыстарға беріледі, оған аймақ басшылары жауапты.
Ең бастысы, осы қаражатқа салынған үйлердің бағасы қолжетімді болуы керек. Елбасы жиында осыған арнайы тоқтады.
Осы жерде 360 миллиард теңгені басы бүтін құрылысқа жұмсау не шешеді? Ең әуелі жоғарыда айтқанымыздай, бұл – бірнеше мың адамға жұмыс береді. Осыдан жеті жыл бұрын қабылданған Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 700-ден астам жаңа өнідіріс орындары ашылды.
Оның басым бөлігі құрылыс материалдарын шығаратын зауыт, фабрикалар. Міне, осы өндіріс ошақтары әлгі тұрғын үй құрылысы арқасында ірі көлемде тапсырыстар қабылдайтын болады.
Тас, цемент, бетон жабындылары, битум, арматура, есік, терезе, сан түрлі кірпіш, труба, электр кабельдері, шыны және тағы да басқа құрылысқа қажетті өнім шығаратын өндіріс жұмысы бір сәтке де тоқтамайтын болады.
Қазіргі күні тек қана отандық өніммен орта санаттағы үйлерді салып шығуға толық мүмкіндік бар. Енді осы өндіріс орындарында қанша мың адамның жұмыс істейтінін есепке алсаңыз, қандай мәселенің шешілгенін өзіңіз есептей беріңіз.
Яғни, қолына қалақ ұстап, кірпіш қалаған құрылысшының жұмысы тоқтамаса, ел экономикасының өсімі де тоқтамайды. Осы 360 миллиард теңгенің күшімен 1,5 миллион шаршы метр баспана салынады.
Қаражаты үлкен, жұмысы ауқымды болғандықтан, бұған Елбасы вице-премьер Бақытжан Сағынтаевты жауапты етіп бекітті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мұның барлығына жауапты – Бақытжан Сағынтаев. Осының барлығын ұқсатып, жер-жерге жеткізу үшін, күнде қадағалау үшін сен жауап бересің.
Келесі бағыт. «Барлық жол Астанаға бастайды» деген сөзді айтатын күн алыс емес. «Нұрлы жол» бағдарламасымен күн сәулесіндей болып, Елордадан барлық бағытқа қазір жол төселіп жатыр.
Осы жобаны жүзеге асыру үшін де жұмыс күші керек. Бұрынғыша жаппай тек мұнайшы, заңгер, қаржыгер болуды азырақ армандаса екен қазіргі жастар. Өйткені, краннан бастап шағын құралды басқаруға да маман керек.
Енді осы «Нұрлы жол» бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 194,5 миллиард теңге ақша бөленеді. Бұл қаржы валюта айырбасындағы айырмашылықтан түскен қаражат. Осы ресурс жаңадан салынған жолдардың инфрақұрылымын жеделдетуге және мектеп құрылысына жұмсалады.
Келесі. Ет пен сүтті өңдеу, өндіру бойынша ірі кәсіпорындар салу үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржының мақсатты жұмсалуына Ауыл шаруашылығы министрі жауапты.
Бұдан басқа, елді жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Үкіметтің арнайы резервінен 63 миллиард теңге қаржы алынады. Бұл әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртуға, ауылдағы ағайынға шағын несие беруге, теріскейге көшіп барған жастарға жатақхана салу үшін және жұмыс берушілерге жұмыс орындарын сақтау үшін субсидия ретінде беріледі.
Қосымша орта және шағын бизнестің инфрақұрылымын қолдау мақсатында тағы 15 миллиард теңге бөлінеді. Енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын 1 триллион 450 миллиард теңгеге тоқталсақ.
Осы қаражаттың 500 миллиарды шетел валютасына ауыстырылады, 600 миллиарды банктер мен ұлттық холдингтердің облигацияларын сатып алуға қайтарым негізінде пайыздық үстемемен беріледі.
Бұл да ақшаны бір қалыпта сақтамай, айналымға салу қағидатын ескергендіктен. Осылайша, қолда бар қаржыны үйлестіру нәтижесінде 2016 жылдың бюджеті Ұлттық қордың көмегіне сүйенбейді.
Әйтпесе, жағдай қиындап, жантая кеткенде, Ұлттық қордан жәрдем сұрайтынымыз жасырын емес. Осы жиында сөз болған келесі мәселе – ұлттық валюта жағдайы. Елбасы Ұлттық банк төрағасына долларды нарықтан ығыстыруды және теңге тұрақтылығын сақтауды тапсырды.
Осы айдан бастап теңгемен салынған депозиттерге пайыздық үстеме артты. Оның жақсылығы алдағы уақытта көрінеді. Нәтижесінде, теңгемен несие беру көлемін ұлғайтамыз, дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Ал, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өткен жылы республикалық бюджет қаражаты 99 пайызға игерілгенін мәлімдеді. Қаржыны бұлай игеру соңғы жиырма жылда болып көрмеген. Сол себепті мемлекеттің әрбір тиынын ысырап қылмай, тиімді жұмсау еліміздің бас есепшісі Бақыт Сұлтановтың басты міндеті екенін Елбасы тағы бір айтып өтті.
Талқыланған келесі мәселе жекешелендіру науқаны. Бүгінге дейін 650 миллиард теңгенің дүние-мүлкі заңдастырылған. Оның 175 миллиарды ақшалай. Заңдастыру науқанына әлі жыл соңына дейін уақыт бар. Сол себепті бұл шара тамыр таныстыққа жол бермей ашық, әділ өту керек, деді Елбасы.
Мемлекет басшысы: «Осының барлығы әлемді дағдарыс дендеп тұрған кезде халықтың қамы үшін, болашақта елдің игілігі, жұрттың тіршілігі үшін жасап отырмыз. Барымызды бағалап, бірді екі етіп еңбектенейік»,- деп жиынды қорытындылады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ