Басты Жаңалықтар Интернет алаяқтық азаймай тұр

Интернет алаяқтық азаймай тұр

Елімізде интернет алаяқтық азаймай тұр. Құқықтық статистика порталының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында 5 200-ден астам дерек тіркелген. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, алаяқтар енді eGov.kz электронды үкімет порталын құрал ретінде пайдалана бастаған. Олар мемлекеттік сайтқа ұқсас жалған платформалар жасап, азаматтарға жеке мәліметтерін өздеріне толтыртады. Сонымен қатар айыппұл салынғаны, салық төлеу қажеттігі немесе ұялы байланыс нөмірінің мерзімі өткендігі туралы хабарламалар жіберіп, түрлі айламен ақша жымқыруға тырысады. Алаяқтар халықтың электронды мемлекеттік қызметтерге деген сенімін теріс пайдаланып отыр. Мамандардың айтуынша, кибералаяқтардың басым бөлігі шетелде отырып әрекет етеді.

Бағдәулет Оспанбаев, Астана қаласы Есіл аудандық Полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

Соңғы 1-2 жылда дипфейк қатты дамуда. Себебі ЖИ, нейрожелі пайда болды. Ютубтағы жарнаманың 90 пайызы дипфейк. Көптеген әйгілі азаматтарымыздың бейнероликтерін алаяқтар қолданады. Инстаграмда, ютубта онлайн жұмыс дегенді көп көреді. Сөйтіп жұмыссыз адамдар жарнамаға сене салады да, өзінің банк шоттарын алаяқтарға беріп қояды. Сол арқылы алаяқтар ақшаны шығарып алады.
Бөлісу