Кереку-Баян жерінде «Әлем Барысы» анықталды (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кереку-Баян жерінде «Әлем Барысы» анықталды (БЕЙНЕБАЯН)

26.10.2014
Кереку-Баян жерінде «Әлем Барысы» анықталды (БЕЙНЕБАЯН)

Қажымұқан бабамыздың күрес жолын жалғаған жауырыны қақпақтай, білектері тоқпақтай қазақтың жігіттері кеше Кереку-Баян жерінде өткен «Әлем барысында» алтын белбеуді олжалау жолында айқас алаңына шықты.

Бес құрлықтан келген 38 палуанның арасында қазақтың намысын үздік төрттік қорғады. Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Руслан  Әбдіразақов пен Асыл Барменовтерге зор сенім арттық.

Алайда, айы оңынан туып, Кубадан келген салмағы 161 келі тартқан Видал Брайсон «Әлем Барысы» атанды. Алтын белбеумен қоса ол 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені де қанжығысына байлады.

Әлемнің әр түкпірінен қазақ жеріне келген палуандарға Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

Сонымен, басында «Қазақ Барысын», кейін «Еуразия Барысын», енді міне «Әлем Барысын» анықтаған қазақ күресінің даңқы жаһанға жайыла бастады. Дәл қазір сол тартысқа толы аламанның жарқын сәттерін қараңыз.

Хабарламаларға жазылу